Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік Қазақстандағы интернеттің сапасы қандай жағдайда 100 пайыз болатынын айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Интернет
Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ЦДИАӨ вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда неліктен интернет сапасын 100 пайызға жақсарту мүмкін емес екенін айтып берді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қазақстандағы интернет сапасы тақырыбын талқылау кезінде ұялы байланыс операторлары қазір әлемде интернеттің сапасын түбегейлі жақсарту мүмкін емес екенін жеткізді. Олардың айтуынша, мұның себебі - трафик көлемі, халық саны және қалалар көлемі ұдайы өсіп жатқанында.

"Мен трафикті 12 жастағы өсіп келе жатқан жасөспіріммен жиі салыстырам. Оның өзінің барлық киімі болғанымен, бір жылдан кейін ол өсіп, сізге оған қайтадан жаңадан киім сатып алу керек болады.

Трафик өскен сайын, бұл киімді, ал киім дегеніміз - желі элементтері, ұдайы сатып алып тұру керек болады.

GSMA болжамдары бойынша, 2030 жылға дейін трафик динамикалық түрде өседі деп болжануда. Егер бүгінгі күні Қазақстанда орташа тұтыну мөлшері 17 гигабайт болса, өсім 50 гигабайтқа дейін жетеді деген болжам бар. Сондықтан біз әрқашан саламыз, "ақаулар" қашан да туындауы мүмкін және олардың аумағындағы адамдар да әрқашан болады", - деді Beeline Қазақстан бас директоры Евгений Настрадин.

Оның бұл ойын вице-министр Асхат Оразбек те қолдады.

"Әріптестердің айтып отырғаны – технологиялар дамып келе жатыр, адамдардың талға

Халық бүгін алып отырған қызмет көлемін ертең одан да көбірек алатын болады. Сондықтан технологиялардың дамуы тоқтағанда ғана Қазақстандағы интернеттің сапасы 100 пайыз болады", - деп түйіндеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032159-ministrlik-qazaqstandagy-internettin-sapasy-qandai-zagdaida-100-paiyz-bolatynyn-aitty/