Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қоғамдық көлікте жүру ақысы көтерілді: жаңа тариф қашаннан бастап енгізіледі

Опубликовано:

Қоғамдық көлік
Автобус салоны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматылықтар 10 күннен кейін қоғамдық көлікте жүру ақысын жоғары тарифпен төлей бастайды. Қала әкімі тиісті қаулыға қол қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кеше, 10 тамызда қала әкімі Ерболат Досаев "Жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" қаулыға қол қойды. Дәл сол күні құжат жарияланды.

Оған сәйкес, Алматы қаласы бойынша жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау тарифтері төлем әдісіне қарай мынадай мөлшерде белгіленеді:

  • ұялы байланыс операторының, көлік картасының немесе мобильді қосымшаның қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін – 100 теңге;
  • жол жүру ақысын қолма-қол төлеу кезінде – 200 теңге.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Яғни, алматылықтар 2023 жылдың 21 тамызынан бастап автобустар жол ақысын көтерілген тарифпен төлейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032173-almatyda-qogamdyq-kolikterde-zuru-aqysy-koterildi-zana-tarif-qasannan-bastap-engiziledi/

pixel