Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"2026 жылы салынып бітеді": Астанада атышулы LRT құрылысы қайта жанданды

Опубликовано:

Астанадағы LRT бағандары
Астанадағы LRT бағандары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада LRT жобасына мемлекеттік бюджеттен 1 млрд 152 млн доллар қаржы бөлінген. Бұл туралы Almaty.tv арнасында хабарланды.

Телеарнаның хабарлауынша, Астанадағы LRT пойыздарына қашықтан басқару жүйесі енгізілуі мүмкін. Бүгінде жеңіл рельсті трамвай желісінің құрылысымен қытайлық компания айналысуда. Қала әкімдігі жобаны 3 жылда аяқтау жоспарланып отырғанын атап өтті.

Телеарна мәліметінше, жобаны жеделдету мақсатында LRT құрылысы екі кезеңге бөлінеді:

  • 2025 жылға дейін 8 аялдама бекеті қолданысқа беріледі;
  • 2026 жылға дейін 10 аялдама пайдалануға беріледі.

"Екінші кезеңде іске қосылатын кешеннің құны – 735 млн долларды құрайды... Сондай-ақ қосымша 14 станция салынады. Қаржы уақытында бөлінсе, 2026 жылы жұмыс толық аяқталады. Жылжымалы құрам ретінде "тритон" моделі қарастырылған. Оның қуаты – 115 квт, 652 адам қатынайды деп жоспарланып отыр", – деді құрылыс компаниясының атқарушы директоры Нұржан Беков.

Сондай-ақ телеарна ақпаратынша, пойыздың жылдамдығы сағатына 80 шақырым болуы керек. Басқару жүйесі толығымен автоматтандырылады және жеңіл рельсті трамвай желісі 25 мың адамды тасымалдайды деп жоспарлануда.

Жобаға сәйкес, LRT ұзындығы 22,4 шақырымға созылады. Құрылысқа мемлекеттік бюджеттен 1 млрд 152 млн доллар қаржы бөлінді.

Сонымен қатар жеңіл рельсті трамвай желісінің құрылысы аяқталған жағдайда елордадағы әуежай мен "Нұрлы жол" теміржол вокзалын байланыстыру жоспарланған.

Авторы: Кәмшат Мұхамеджан, Данияр Омар, Ринат Өтеев

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032193-2026-zyly-salynyp-bitedi-astanada-atysuly-lrt-qurylysy-qaita-zandandy/

pixel