jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"Төбесі опырылуға шақ тұр": атыраулық оқушылар апатты жағдайдағы мектепте білім алуға мәжбүр

Бастауыш сынып оқушылары
Оқушылар. Көрнекі фото: pixabay.com

Атыраудағы Құрманғазы ауданында М.В. Ломоносов атындағы мектептің құрылғанына 80 жыл болған. Бүгінде білім беру мекемесінің жағдайы нашар. Бұл туралы Almaty.tv арнасында хабарланды.

Телеарнаның хабарлауынша, мектеп құрылған уақытынан бері мүлдем жөндеу жұмыстарынан өтпеген. Білім беру мекемесінің қабырғалары сөгілген, едені шұрқ-тесік, төбесі опырылуға шақ тұр.

Сондай-ақ мектеп директорының сөзінше, білім беру мекемесінде спорт алаңы мен асхана қарастырылмаған.

"3 оқу кабинетін жабдықтап, оқушыларға бөліп-бөліп тамақ беруді ұйымдастырып отырмыз", – деді М.В. Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің директоры Толқын Әжіғалиева.

Сонымен қатар телеарна ақпаратынша, мектепте математика, орыс тілі пәні бойынша және бастауыш сынып педагог маманы тапшы, ал зейнет жасына жеткен мамандар зейнеткерлікке шықпаған.

"Конкурстар жыл сайын қайта беріліп отыр. Соның нәтижесінде келіп жатқан түлектер бар. Алайда қажеттілік сол күйі сақталуда", – деді Толқын Әжіғалиева.

Ал Құрманғазы ауданы әкімінің айтуынша, биыл "Жайлы мектеп" ұлттық жоба бойынша 2 білім беру мекемесінің құрылысы басталған.

"Құрманғазы ауданында президенттің тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" жобасымен 2 мектептің құрылысы басталды. Біреуі Ақкөл ауылында, екіншісі – Ломоносов атындағы орта мектеп", – деді Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев.

Әкім мәліметінше, аталған мектептер 600 орындық, әрқайсында спорт алаңы қарастырылған. Әкім құрылыс жұмысын 2024 жылға дейін аяқтау жоспарланып отырғанын атап өтті.

Авторы: Ұлағат Арғын, Нұрбек Шәден

"Төбесі опырылуға шақ тұр": атыраулық оқушылар апатты жағдайдағы мектепте білім алуға мәжбүр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.