Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында келіншек күйеуін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Күдікті әйел
Күдікті әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жоғалған күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасында хабарланды.

Ведомствоның ақпаратынша, 12 тамыз күні Сарыағаш полициясына жергілікті тұрғыннан екі күн бұрын 38 жастағы інісі жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жоғалған тұрғынды іздеуге жұмылдырылды.

"Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полицейлер отбасылық жанжалдан кейін күйеуін өлтірді деген күдікпен ауданның тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицияның дерегінше, қайғылы жағдай орын алған отбасы ішкі істер органдарында есепте тұрмаған және отбасылық жанжал бойынша бұрын полицияға жүгінбеген.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032225-turkistan-oblysynda-kelinsek-kuieuin-oltirdi-degen-kudikpen-ustaldy/

pixel