Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кәмелетке толмаған жігіт басқарған": Жетісу облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Опубликовано:

жол апаты
Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Cарыөзек-Жаркент тас жолында болған жол апатынан екі адам қайтыс болып, бесеуі жараланды. Полиция мәліметінше, көлікті кәмелетке толмаған жігіт басқарған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, жол апаты Сарыөзек-Жаркент тас жолының 323 шақырымында Mercedes Benz және Mazda Cronos автокөліктерінің қатысуымен орын алған.

"Алдын ала болжам бойынша, көліктердің бірін кәмелетке толмаған жігіт басқарғаны анықталды. Автокөліктер соқтығысқан кезде екі адам қайтыс болды. Сондай-ақ оқиға орнынан жергілікті ауруханаға бесеуі жеткізілді.

Полиция көлік жүргізушілерінен "Жол жүрісі" ережелерін қатаң сақтауды талап етеді", - деп мәлімдеді полиция.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032257-kameletke-tolmagan-zigit-basqargan-zetisu-oblysynda-zol-apatynan-eki-adam-koz-zumdy/

pixel