Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында су басқан елдімекендердің жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

Жетісу облысы
Жетісу облысы. Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысындағы су басқан елдімекендердегі жағдай туралы қосымша ақпарат берді. Құтқарушылар тұрғындарға ауласын қоқыс пен балшықтан  тазартуға көмектесуде, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, су басқан үйлер жоқ. Жұмылдырылған күш пен құралдар жүргізген инженерлік және су сору жұмыстарының нәтижесінде Жетісу облысының елдімекендерінің аулалары мен аулалар маңы аумағынан су кетті. Жалпы  3 456 текше метр су сорылды.

Құтқарушылар тұрғындарға ауласын қоқыс пен балшықтан  тазартуға көмек көрсетуде", - деп мәлім етті Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар департаменттің мәліметінше, эвакуациялау пунктінде 16 адам, оның ішінде 7 бала қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032263-zetisu-oblysynda-su-basqan-eldimekenderdin-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel