Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тауларында жоғалып кеткен жас жігіт табылды

Опубликовано:

Таулы аймақ
Турист. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыда "Көкжайлау" шатқалынан қайта оралмаған турист табылды. Ол қатты жауған жаңбыр мен қараңғы батуына байланысты шатқалдан өздігінен түсе алмаған, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрлік мәліметінше, 13 тамыз күні түнгі сағат 1:15-те республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристі іздеуге тауға шыққан.

"2005 жылы туылған жас жігіт 12 тамызда таңертең "Көкжайлау" шатқалына кеткен. Туристің телефоны өшірулі болған.Құтқарушылар тауда жоғалған адамды түнгі сағат үште тапты.

Қатты жауған жаңбыр мен қараңғы түсуіне байланысты турист шатқалдан өздігінен түсе алмаған", - деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032264-almatyda-taudan-tuse-almagan-zas-zigitti-qutqarusylar-tapty/

pixel