Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер Алматыда сел жүруі мүмкін екенін ескертті

Опубликовано:

Сел
Сел. Фото: Елдің ТЖД баспасөз қызметі

Алдағы күндері Алматыда қолайсыз ауа райы сақталады. Төтенше жағдайлар министрлігі мегаполис тұрғындары мен қонақтарына сел қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 13 тамызда Кіші Алматы өзенінде сел қауіпі бар екені хабарланды.

Сонымен қатар "Қазгидромет" ресми сайтында жарияланған дауылды ескертуге сәйкес, ертең, 14 тамызда мегаполисте өткінші найзағай күтіледі.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар департаменті сел қауіпі бар елдімекендерде сақтау керек қауіпсіздік ережесін ұсынды:

  • Таулы аймақтағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын үнемі қадағалап отыру;
  • Жауын-шашын болған жағдайда сел қауіпі бар мекеннен шығу;
  • Жартастардың және тік беткейлердің жанында тоқтамаңыз, өйткені сел жүруі кезінде сілкіністен көшкін немесе тас құлауы мүмкін;
  • Тынығу үшін сел арналарының жанында тоқтамаңыз;
  • Сел белгілерін байқаған кезде қауіпті аймақтан дереу алысқа кетіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032284-almatylyqtarga-sel-qauipi-zaily-eskertti/

pixel