Қырғызстан неліктен Қазақстанға су беруді тоқтатқанын түсіндірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомӨткен аптада Қазақстанның Экология министрлігі Қырғызстаннан Жамбыл облысына су берудің тоқтағаны туралы мәлім еткен. Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі аталған жағдайға байланысты түсініктеме берді. Бұл туралы 24.kg басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоға сілтеме жасаған басылымның хабарлауынша, әдетте Қазақстанға жыл сайын вегетациялық кезең басталғанға дейін және Шу-Талас су комиссиясының тең төрағалары қол қойған кестеге сәйкес қана су берілетін.
"Бірақ 2023 жылы бұл график маусым айында ғана келісіліп, бекітілді. Себебі су көздеріндегі су мөлшері аз болды", — делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.
17-19 шілдеде Бішкекте Қырғызстан мен Қазақстан өкілдерінің Шу және Талас өзені бойындағы суды бөлу мәселесін шешуге арналған кездесуі өткен. Кейін қазақстандық тарап Талас өзені бассейніндегі күрделі жағдай туралы айтып, Жамбыл облысындағы су пайдаланушыларды суару суымен қамтамасыз ету үшін 18-31 шілде аралығында Киров су қоймасынан секундына 45 текше метрге дейін су ағынын арттыруды сұрады.
Министрлік бекіткен кестеге сәйкес, қазақстандық ауданға секундына 40,0 текше метр су ағуға тиіс болғанын түсіндірді.
"Қырғызстандық тарап судың аздығына байланысты су тапшылығы мәселесі туралы ескертіп, Шу және Талас облысында штабтар құрылғанын айтты. Су тапшылығына қатысты су тұтынушыларын суару суымен қамтамасыз ету үшін су айналымының кестесі әзірленген. Сондай-ақ қырғызстандық тараптың суды пайдалану мөлшері 1 тамызда секундына 45,0 текше метр ағынды құраса, Қазақстанның үлесі 3,54 млн текше метрді құраған. Егер суды тұтыну секундына 10,0 текше метрді құраса, су 2023 жылдың 4 тамызына дейін таусылады.
Жоғарыда келтірілген есептер мен дәлелдерге қарамастан, Қазақстан тарапы өз өтінішінен бас тартқан жоқ. Бұл ретте қырғызстандық тарап су айналымының графигін енгізу арқылы су алу лимитін сақтаған болатын, дегенмен Қырғызстанның фермерлері де суару суына мұқтаж болған. Айта кетейік, Талас алқабының су көздеріндегі судың мөлшері әлі өте төмен", — делінген Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарламасында.
Кездесу қорытындысы бойынша тамыз айының екінші онкүндігінен бастап қазақстандық тарапқа су берілмейтіні туралы хаттамаға қол қойылды. Сонымен қатар Киров су қоймасына құйылатын ағын ұлғайған жағдайда Қазақстан Республикасынан су жинау мәселесі қарастырылатыны айтылды.
"Өкінішке қарай бүгінде су қоймасындағы су шығыны секундына 1,0 текше метрді құрап отыр, ағынның ұлғаюы байқалмайды, 2022 жылы су ағыны секундына 13,7 текше метрге тең болған. Айта кетейік, Қазақстан Талас арнасынан мемлекеттік шекара бойындағы коллекторлық-дренаждық желі бойынша ағатын судың 5-тен 8 текше метрге дейін мөлшерін алуға мүмкіндігі бар", — деді ведомство өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032313-qyrgyzstan-nelikten-qazaqstanga-su-berudi-toqtatqanyn-tusindirdi/