Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады

Опубликовано:

Тамақ ішіп отырған балалар
Асханада отырған балалар. Көрнекі фото: pexels.com / Katerina Holmes

Биыл 1 қыркүйектен бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аз қамтылған отбасыдан шыққан 1,5 млн астам оқушыға, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан 1-4 сынып оқушыларына тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Ведомство мәліметінше, бүгінде Қазақстанда тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңгені құрайды, ал ең жоғары баға мөлшері Алматы қаласында - 800 теңге.

"Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6 пайызды құрады. Бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді, осылайша жаңа оқу жылынан бастап 100 пайыздық көрсеткішке қол жеткізілетін болады", - деп бөлісті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева.

Сонымен қатар бүгінде министрлікте мектептегі тамақтану сапасын арттыру мәселесі пысықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032325-qyrkuiekten-bastap-bastauys-synyp-oqusylary-tegin-tamaqpen-qamtylady/

pixel