jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Құны 1,6 млрд теңге: Ақмола облысында орман қорының учаскесі мемлекетке қайтарылды

    Орман
    Орман. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақмола облысы Ақкөл ауданының прокуратурасы жалпы ауданы 264 гектар, сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қорының учаскесін мемлекетке қайтарды. Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының ресми сайтында хабарланды.

    Ведомствоның хабарлауынша, учаске 2018 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланбаған, жалдау ақысы төленбеген.

    Сондай-ақ орман өрті қаупінің жоғары дәрежесіне қарамастан, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілмей, өртке қарсы жоспарлар әзірленбеген.

    Ведомство мәліметінше, жоғарыда аталған мәселе аудан прокуратурасының актісі бойынша уәкілетті органмен сотқа жүгінуге негіз болды.

    "Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бұзылып, жалпы құны 1,6 млрд теңге болатын учаске мемлекет меншігіне қайтарылды", – делінген хабарламада.

    Құны 1,6 млрд теңге: Ақмола облысында орман қорының учаскесі мемлекетке қайтарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.