Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты оқиғаға пікір білдірді

Опубликовано:

Сандуғаш Дүйсенова
Сандуғаш Дүйсенова. Фото: Facebook / Сандуғаш Дүйсенова

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрбек Амиша Facebook парақшасында журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қандай да бір құқықтық көмек көрсетуге дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ішкі істер органдарына хабарласып, мәселенің мән-жайын білген.

"Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сандуғаш Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша ұсталып, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Министрлік мәселені назарда ұстайды және журналиске қандай да құқықтық көмек көрсетуге дайын", - деп жазды Нұрбек Амиша Facebook парақшасында.

Еске салсақ, 13 тамыз күні Талдықорғанда белгілі қазақстандық белсенді және журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны туралы белгілі болды.

Ол Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі ("Адамның жеке өмірі туралы оның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді тарату") бойынша қозғалған қылмыстық істің фигуранты саналып отыр.

Кейін белсендінің адвокаты Ильмира Назырова Дүйсенованың қамауға алынуын заңсыз деп санайтынын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта бұл факті бойынша Талдықорған қаласының прокурорына арыз жолданды. Әділ және жан-жақты тергеу болады деп үміттенеміз", – деді ол.

Ал 14 тамыз күні белсенді журналист Сандуғаш Дүйсенова полиция ұстау кезінде заңсыз әрекетке барды деп хабарлаған болатын. Жетісу облыстық полиция департаменті аталған жайтқа түсініктеме берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032366-aqparat-zane-qogamdyq-damu-ministrligi-ustalgan-sandugas-duisenovaga-qatysty-oqigaga-pikir-bildirdi/

pixel