Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өрт кезінде қаза тапқан орманшылардың отбасыларына өтемақы төленбек

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер.
Өрт сөндірушілер. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Экология министрлігі қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы құжатты "Ашық НҚА" порталында талқылауға ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Құжат 12 тамыз күні ашық талқылауға жарияланған. Ол Орман кодексінің 70-бабының 1-тармағына және президенттің Абай облысындағы табиғи өртті жою бойынша 2023 жылғы 11 маусымдағы Жедел штаб отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленген.

"Ақшалай төлем қызметтік міндеттерін (мемлекеттік орман күзету міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне жүргізіледі", - деп жазылған құжатта.

Құжатқа сәйкес, қызметкердің, курсанттың, мемлекеттік орман күзету қызметшісінің отбасы мүшелеріне жұбайы, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу орнын бітіргенге дейін жиырма үш жастан аспайтын балалары, оның ішінде асырап алған балалары, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздары жатады.

Ақшалай төлемді рәсімдеу үшін қандай құжат керек:

  • белгіленген үлгідегі өтініш;
  • қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы хабарлама;
  • азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (туу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін ауыстыру), басқа адамдар өтініш берушінің отбасы мүшесі болып танылған жағдайда соңғылары өздерін өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелері күндізгі оқу нысанының білім алушысы болып табылса, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (жыл сайын оқу жылының басында ұсынылады);
  • теңгедегі банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер;
  • егер кәмелетке толмаған отбасы мүшелері жетім не ата-анасының қамқорлығынсыз қалса, қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің кәмелетке толмаған отбасы мүшесіне қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжаттың көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтері, неке қию туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін) куәліктер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін.

Осы тармақта көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтініш ол берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайтарылуға тиіс.

Сондай-ақ уәкілетті жауапты құрылымдық бөлімшесі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық әрі дұрыс ресімделуін тексереді және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар, оның ішінде:

  • қаржы бөлімшесінің қайтыс болған қызметкердің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің соңғы атқаратын лауазымы бойынша ақшалай қаражатының мөлшері туралы ақшалай төлем алуға құқық беретін анықтамасы;
  • қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің қаза табуының (қайтыс болуы) себептері мен мән-жайын қызметтік тергеп-тексеру материалдары;
  • әскери-дәрігерлік комиссия (сараптама) қорытындысы (қаулысы);
  • қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің жеке құрам (әскери бөлім, мекеме) тізімінен шығарылғаны туралы бұйрықтан үзінді қамтылуға тиіс жеке істі қалыптастырады.

Жауапты құрылымдық бөлімше осы тармақта көрсетілген мәліметтерді жаңарту не нақтылау үшін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен немесе мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды сұратады және оларды жеке істің материалдарына қосады.

Жауапты құрылымдық бөлімше әскери-дәрігерлік комиссия (сараптама) қорытындысын (қаулысын) алғаннан кейін өтініш берген адамды қабылданған шешім туралы бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

"Ақшалай төлемді тағайындау қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің қаза табуының (қайтыс болуының) себебі мен оның қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) арасындағы тікелей себеп-салдарлық байланыс болған кезде жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің қаза табуы (қайтыс болуы) мен оның қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуінің (жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының) себеп-салдарлық байланысы туралы қорытындыны (қаулыны) әскери-дәрігерлік комиссия (сараптама) шығарады.

Егер мемлекеттік орман күзеті қызметкерінің қызметтік міндеттерін (орман күзеті міндеттерін) атқару кезінде (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) мынадай жағдайда қайтыс болса, оған ақшалай төлемдер жүргізілмейді:

  • қылмыстық құқық бұзушылық жасауы үстінде қайтыс болса;
  • алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйге ұшырататын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес пайдалану салдарынан дүниеден озса;
  • ақшалай төлем алу немесе қызметтен жалтару мақсатында өзіне-өзі қасақана қандай да бір дене жарақатын (мүшесін зақымдау) немесе денсаулыққа өзге де зиян келтіру және т.б. себептерден көз жұмса.

Ақшалай төлемді жүзеге асыру мөлшері

Қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің, келісімшарт бойынша әрбір отбасы мүшесіне ақшалай төлем қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің, келісімшарт бойынша қызметшінің соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражатының 40 пайызы төленеді.

Бұл ретте отбасының барлық мүшесіне төленетін ақшалай төлемдердің ең жоғары мөлшері ақшалай қаражаттың 100 пайызынан аспауға тиіс.

Отбасы мүшелері үшеу және одан көп болған кезде әрқайсысына ақшалай төлемдердің мөлшері ақшалай қаражаттың 100 пайызына тең үлес ретінде есептеледі.

Аталған құжат 28 тамызға дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауда болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032369-ort-kezinde-qaza-tapqan-ormansylardyn-otbasylaryna-otemaqy-tolenbek/

pixel