Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе телеарнасының үш бірдей бұрынғы қызметкері жеті жылға сотталды

Опубликовано:

Судья үкім оқуда
Фото: KAZ.NUR.KZ / Ардақ Ерубаева

Ақтөбедегі жергілікті телеарнаның бұрынғы бас есепшісі, заңгер және касса қызметкері 89 млн теңге жымқырды деген айыппен әрқайсысы жеті жылдан бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе қаласы №2 сотында телеарнаның бұрынғы қызметкерлеріне үкім шықты. Қызметкерлерге Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшерде бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемденді деген айып тағылды.

Іс материалдарына сүйенсек, тергеу "Қазақстан республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалының 2018 жылғы ақпаннан 2021 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде жүргізілген.

Бас есепші К. сатып алу жөніндегі маман-заңгер Е. және есепші У. алдын ала сөз байласу арқылы бағдарламаларды түсіруге, іс-шараларды ұйымдастыруға, сурдоаударма жасауға, мерекелік бағдарламаларды өткізуге, дезинфекциялауға, декорациялауға байланысты қызметтерді көрсету бойынша жалған төлем операцияларын жасаған. Нәтижесінде компанияға 89 093 879 теңге сомасында материалдық залал келтірген.

Айыпталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, алу хаттамаларымен, сараптама қорытындыларымен, аудиторлық тексерумен және басқа да дәлелдемелер жиынтығымен расталады.

Сот олардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде жасөспірім және кәмелетке толмаған балалардың болуын ескерді.​ Сотталушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар сотта анықталмады.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Сот үкімімен коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, айыпталушылар 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сотталғандардан жәбірленушіге келтірілген залал ортақ тәртіппен өндірілді.

Авторы: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032412-aqtobe-telearnasynyn-buryngy-us-birdei-qyzmetkeri-zeti-zylga-sottaldy/

pixel