Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар қыз көз жұмды: Бас әскери прокуратура мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Қаңтар оқиғасына қатысқан 104 адам сотталды
Қаңтар оқиғасы. Фото: Владимир Третьяков, NUR.KZ

Еліміздің Бас әскери прокуратурасы ресми сайтында Қаңтар оқиғаы кезінде көз жұмған 4 жасар қыздың әкесін сот отырыстарына кіргізбей жатыр деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

"Алматы гарнизонының әскери сотымен кәмелетке толмаған Айкөркем Мелдеханның өліміне әкеп соққан билікті асыра пайдаланды (ҚК 1-тармағының 451-бабы 2-бөлігі) деген айыппен әскери қызметші А.И.Жұманға қатысты қылмыстық іс қаралуда.

Сот процесі іс материалдарында жариялауға жатпайтын құпия құжаттардың болуына байланысты жабық режимде өтуде.

Бүгін қайтыс болған Айкөркемнің әкесі - Айдос Мелдехан БАҚ өкілдеріне мемлекеттік құпияларға рұқсаттың болмауынан сот процесіне жіберілмейтінін айтты.

Айдос Мелдеханға мемлекеттік құпияларға рұқсатты рәсімдеу бірнеше рет, оның ішінде ағымдаы жылғы 19 шілдеде Бас әскери прокуратура басшылығымен жеке қабылдауда ұсынылғанын мәлімдейміз. Алайда ол оны рәсімдеуден және арнайы тексеруден өтуден бас тартты", - делінген хабарламада.

Құзырлы орган мұны қылмыстық іс материалдарында тіркелген өз қолымен жазған арызы куәландырады.

"Мемлекеттік құпиялары бар барлық қылмыстық істер бойынша рұқсатты рәсімдеу міндетті талап болып табылатынын айтып өткеніміз жөн", - деді ведомстводан.

Прокуратураның ақпаратынша, сәуір және маусым айларында адвокат пен қаза тапқан Айкөркемнің туған ағасы – Мелдеханов Бауыржанға мемлекеттік құпияларға, тиісінше қылмыстық істің барлық материалдарына рұқсат берілген.

"Жәбірленушілердің құқықтарының сақталуын олардың мүдделерін білдіретін кәсіби адвокат қамтамасыз ететінін атап өтеміз. Сонымен қатар көрінеу жалған мәліметтерді тарату заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтыратынын түсіндіреміз. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - деп хабарлады ведомстводан.

Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар қыздың өлімі

Қайғылы оқиға 2022 жылғы 7 қаңтарда болған еді. Бала құқықтары жөніндегі бұрынғы уәкіл Аружан Саин кешке, сағат 19.00-де Сейфуллин мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында әпкелі-сіңлілер отырған көлік оқтың астында қалғанын хабарлады.

4 жасар қыз оқиға орнында жан тапсыррған. Ал оның 15 жастағы әпкесі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

4 жасар қыздың өліміне қатысты істі Алматы гарнизонының әскери соты қарап жатыр. Алғашқы сот отырысы биылғы 26 шілдеде өтті. Процесс іс материалдарында жариялауға жатпайтын құпия құжаттар болуына байланысты жабық режимде өтуде.

Бұған дейін Бас әскери прокуратура марқұмның әкесі мемлекеттік құпияға қол жеткізуден бас тартқанын хабарлаған. Бас тартудың салдары туралы да ескертілгенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032440-qantar-oqigasy-kezinde-4-zasar-qyz-koz-zumdy-bas-askeri-prokuratura-malimdeme-zasady/

pixel