Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі гүл дүкенінде болған жанжал: видеодағы адамдардың бірі қатаң сөгіс алды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Гүл дүкеніндегі жанжал
Гүл дүкеніндегі жанжал. Скриншот: t.me/POLICE_of_KZ

Әлеуметтік желіде резонанс тудырған видеодан кейін Шымкент қаласы Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары қатаң сөгіс алды. Бұл туралы Otyrar.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның мемлекеттік қызмет департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, қоғамда резонанс тудырған Д.Е есімді шенеунік сынға қалған. Оның әрекеті этикаға жатпайды және бейәдепті.

Шымкент қалалық мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінде қатаң сөгіс жариялауды сұрады.

"Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының биылғы жылдың 14 тамызындағы бұйрығымен Д.Е.-ға қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер азаматтармен дұрыс қарым-қатынаста болуға, дөрекілік, ар-намысты қорлау және бейәдеп фактілеріне жол бермеуге, олардың іс-әрекеті мен мінез-құлқы азаматтардың сынына қалмауға тиіс", - делінген хабарламада.

Шымкенттегі гүл дүкенінде болған жанжал

Еске сала кетейік, оқиға 9 тамыз күні Шымкенттегі гүл сататын дүкендердің бірінде болған. Үш ер адам дүкен қызметкерін қайшымен қорқытқан. Гүл дүкенінің директоры күдіктілердің мас болып, бейәдеп сөздер айтқанын мәлімдеген.

Қоқан-лоқы көрсеткеннен кейін олар дүкеннен үлкен букет гүлді алып кеткен.

Жанжалға Шымкент прокуратурасы да пікір білдірген. Құзырлы орган күдіктілердің прокуратураға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Кейін 10 тамыз күні гүл сататын жігітті қорқытқан ер адамның кешірім сұраған видеосы жарияланған болатын.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі өзіндік қауіпсіздік департаменті полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты тергеу бастағаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032465-symkenttegi-gul-dukeninde-bolgan-zanzal-videodagy-adamdardyn-biri-qatan-sogis-aldy/