"Алтын Орда" базарында тағы да шу шықты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыдағы "Алтын Орда" базарында тағы бір жанжал шықты - кеңсе тауарларын сатушылар екі түрлі сауда орнында жұмыс істеуде. Соның салдарынан ғимараттың ішінде сауда жүргізетін саудагерлер мен сыртында сататын сатушылар шығын көруде. Бұл туралы Almaty.tv арнасында хабарлады.
Жаңа оқу жылының қарсаңында "Алтын Орда" базарында оқу жабдықтары үлкен жанжал тудырды.
Телеарнаның хабарлауынша, базардағы сатушылар екі бөлек жерге ауысып кеткендіктен, олардың саудасы жүрмей жатыр.
Жәрмеңкеде ғана жұмыс істеуге келген саудагерлер жеке тұлғадан жалға орын алып, 1-2 ай ғана сыртта сауда жасайды. Сол уақыт аралығында ғимараттағы сатушылардың табысы төмендейді.
"Қазір ғимарат ішіне адам кіріп жатқан жоқ. Себебі базардың сырты, жан-жағы кеңсе тауаларына толып кетті. Сыртта отырғандарды жиыстырса, жақсы болар еді", – деді сатушы Жанна Жәлімбетова.
Сол себепті ғимараттың ішіндегі саудагерлер ғимарат сыртындағы сатушыларды бірінші қабатқа ауыстыруды талап етуде.
Бірақ сыртта сауда жүргізетін сатушылар сауда орнын 1,5 млн теңгеге жалға алғандықтан, бұл шешіммен келіспей отыр.
"Қарашадан бері сауда жоқ. Не жалға алған орынның, не несиенің ақысын төлеуге қаржы жетпейді. Қарыз көп. Жылда тамызда жәрмеңке болады, бір жерге топтасса, халық өзі ағылып келетін еді", – деді сатушы Мейрамгүл Төреханова.
Сондықтан базар әкімшілігі кеңсе тауарлар жәрмеңкесін бір орынға топтастыру керек деген шешім ұсынған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032467-altyn-orda-bazarynda-tagy-da-su-syqty-video/