Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол учаскелік полиция қызметкері": ІІМ басшысының орынбасары Шымкентте гүл дүкенінде болған жанжал туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Гүл дүкеніндегі жанжал
Гүл дүкеніндегі жанжал. Скриншот: t.me/POLICE_of_KZ

Ішкі істер министрінің орынбасары Шымкенттегі гүл дүкенінен гүл шоғын зорлықпен ұрлаған ер адам прокуратура қызметкері емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Үкімет кулуарында журналистер Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаевтан "Видеодағы адам шынымен прокуратура қызметкері емес пе?" деп сұрады.

"Иә, бұл олардың (прокуратураның – ред.) қызметкері емес екенін растаймын. Гүлдерді иемденген адам сол сәтте расымен учаскелік инспектор болғанын растаймын", – деп жауап берді Қожаев.

Шымкенттегі гүл дүкенінде болған жанжал

Еске сала кетейік, оқиға 9 тамыз күні Шымкенттегі гүл сататын дүкендердің бірінде болған. Үш ер адам дүкен қызметкерін қайшымен қорқытқан. Гүл дүкенінің директоры күдіктілердің мас болып, бейәдеп сөздер айтқанын мәлімдеген.

Қоқан-лоқы көрсеткеннен кейін олар дүкеннен үлкен букет гүлді алып кеткен.

Жанжалға Шымкент прокуратурасы да пікір білдірген. Құзырлы орган күдіктілердің прокуратураға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Кейін 10 тамыз күні гүл сататын жігітті қорқытқан ер адамның кешірім сұраған видеосы жарияланған болатын.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі өзіндік қауіпсіздік департаменті полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты тергеу бастағаны туралы жазған едік.

Кейін Шымкент қаласы Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары қатаң сөгіс алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032531-ol-ucaskelik-policiya-qyzmetkeri-iim-bassysynyn-orynbasary-symkentte-gul-dukeninde-bolgan-zanzal-turaly-aitty/