Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үшінші дипломын алады: отыз жастағы түркістандық жігіт қалай әкім болды

Опубликовано:

Олжас Саттаров
Олжас Саттаров. Фото: "Түркістан" арнасы

Түркістан облысында отыз жас әкім бар. Олардың қатарынан Келес ауданының тумасы Олжас Саттаровты да табасыз, деп хабарлайды "Түркістан" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Олжас Саттаров облыстағы ең жас әкімдердің бірі. Ол отыз жасында өзі туып-өскен Ұшқын ауылында әкім боп отыр. Олжас он жылдан бері қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді.

Әкім бұл мандатқа ауыл халқының қолдауымен жеткен. Содан бергі екі ай ішінде біраз істің басын қайырып үлгеріпті.

"Ұшқын ауылдық округінде негізінен ауылшаруашылық саласы бойынша жұмыс істеледі. Қазір Өзбекстаннан келетін каналдар қазылып жатыр. Одан бөлек, жастарды практикаға, қоғамдық жұмыстарға бейімдеудеміз. Жеті елді-мекенімізде жол төселеді", - дейді Саттаров.

Саттаров екі мамандықтың иесі. Бүгінде ол үшінші дипломын алу үшін білім жолында жүр. Негізінен ол мемлекеттік қызметкерлер әулетінен шыққан. Оның әкесі де, атасы да осы жолда қызмет еткен.

"Елге қызмет етіп, халықтың мүддесін қорғау үшін әкімшілік саласына келдік. Жастарға айтарым, қандай салада еңбек етсе де, сүйіспеншілікпен істейтін болса, ол жемісін береді", - дейді жас әкім.

Отыз жастағы әкімнің басты мақсаттарының бірі - ауылдағы жұмыссыздықты жою.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032536-usinsi-diplomyn-alady-otyz-zastagy-turkistandyq-zigit-qalai-akim-boldy/

pixel