Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азаптауға жатпайды": ІІМ полицейлер Сандуғаш Дүйсенованы тінту кезінде неліктен шешіндіргенін түсіндірді

Опубликовано:

Сандуғаш Дүйсенова
Сандуғаш Дүйсенова. Фото: Facebook / Сандуғаш Дүйсенова

Бүгін министрлер кабинеті кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаевтан ұсталған белсенді әрі журналист Сандуғаш Дүйсенованы тінту үшін шешіндіру әрекеті қаншалықты заңды екеніне жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қожаевтың сөзінше, Сандуғаш Дүйсенова Қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігі бойынша қозғалған яғни, ауыр қылмыстар санатына жататын қылмыстық іс бойынша фигурант болып саналады.

Іс Қазақстан азаматы, Жетісу облысы прокурорының арызы бойынша қозғалып, прокуратура істі ары қарай тергеу үшін ішкі істер органдарына жолдаған.

"Оны шешіндіруге қатысты таралып жатқан ақпаратқа келер болсақ, бұл - азаматты жеке тінту процедурасы аясында жасалған. Бұл тергеу әрекеті Қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттелеген, бұған ғылыми-техникалық құралдарды қолдану, яғни бейнекамераға да түсіру де жатады.

Бұл ең алдымен азамат ертең заты жоғалып кетті не тәркіленді деп айып тақпауына көз жеткізу үшін жасалады. Тағы бір мақсаты – егер адам арнайы мекемелерге түсіп қалса, кейін өзіне дене жарақатын салды деп айтпауы үшін жасалады.

Сондай-ақ оны толық шешіндірді деп айтуға болмайды. Тінту процедурасын ұсталған адаммен бір жыныстағы қызметкерлер жүзеге асырады. Бұл кейін ұсталған азамат киімдегі, әсіресе әйел гардеробындағы түрлі элементтер арқылы өзін-өзі жарақаттамауы үшін жасалады", – дейді Марат Қожаев.

Сонымен қатар вице-министр тінту кезінде белсендіден шешіну талабы "конвенцияға қайшы келмейтінін" атап өтті.

"Сол конвенцияда құқық қорғау органдарының заңды әрекеттеріне қатысты туындаған барлық ыңғайсыздық пен адамның эмоциялық күйі азаптау болып саналмайтыны жазылған", - деп қосты Қожаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанда белсенді, журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталғаны туралы жазған едік.

Полиция мәліметінше, ол Қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігі бойынша қозғалған іс бойынша фигурант болып саналған. Бұл бапта жеке адамның өмір туралы ақпаратты, соның ішінде жеке немесе отбасылық құпияны таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Кейін босап шыққан журналист полицейлер заңсыз әрекетке барғанын, яғни бөлімшеде өзін шешіндіріп, видеоға түсіргенін жеткізді.

Бұған қатысты Жетісу облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032540-azaptauga-zatpaidy-iim-sandugas-duisenovany-tintu-kezinde-sesindiru-areketin-tusindirdi/

pixel