Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экология министрлігі елдегі су тапшылығы туралы: Жағдай расымен де қиын

Жарияланған күні:

Читать на русском
Егін алқабы
Егін алқабын суару. Көрнекі фото: pexels.com

Экология министрі Зүлфия Сүлейменова үкімет кулуарында Қазақстандағы ауыл шаруашылығында туындаған су тапшылы мәселесіне тоқталып, жағдай қиын екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жағдай шынымен қиын, бірақ вегетациялық кезеңнің өзі аяқталуға жақын екенін де ескеру керек. Біз шілдеде егер мұздықтардың еруіне қатысты жағдай өзгермей, бұдан да қарқындырақ еру болмаса, ал ағындар көбеймесе, ауыл шаруашылығы дақылдарын жекешелендіруді кезең-кезеңімен жүзеге асыратын боламыз деп айтқан едік. Бүгінгі таңда олардың басым бөлігі аяқталды.

Қант қызылшасының мәселесі ғана қалды. Ол суды өте қажет ететін дақыл, іс жүзінде оны қазан айына дейін суаруымыз керек... суды өте көп қажет етеді.

Бұл жағдай кезеңнің құрғақ болғандығынан ғана емес, біздің ауыл шаруашылығы суды көп қажет ететіндіктен туындап отыр", - деді Зүлфия Сүлейменова.

Министр биыл Қазақстанда құрғақшылық болғанын, елдегі судың келуіне қатысты болжамдар расталмағанын айтты. Сонымен қатар суды көп қажет ететін дақылдар өндірісінің ұлғаюы да көп мөлшердегі суды қажет еткенін жеткізді.

Еске салайық, мамыр айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдеріне су тапшылығы қаупі төніп тұрғанын айтқан болатын.

"Орталық Азия елдерінің тұщы су тапшылығына ұшырау қаупі жоғары екені белгілі. 2050 жылға қарай 5 миллиардтан астам адам ауыз суға мұқтаж болуы мүмкін. Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі. Сарапшылар біздің аймағымыздың тез жылынып бара жатқанын айтып отыр.

Климаттың өзгеруіне байланысты біздің аймақтың басты су көзі саналатын мұздықтар да күрт азайып барады. Осы жағдай Орталық Азияның азық-түлік, энергетика және экология қауіпсіздігіне едәуір қатер төндіреді. Сондықтан бірлесіп шұғыл шаралар қабылдауымыз қажет", - деген еді мемлекет басшысы.

Ал сәуір айының соңында Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанда соңғы бірнеше жылда әр түрлі аймақтағы өзендерде судың азаю циклі орын алғанын хабарлады. Бұл ретте ауыл шаруашылығында су тапшылығы мәселесі оңтүстік өңірлерде басым екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032542-ekologiya-ministrligi-eldegi-su-tapsylygy-turaly-zagdai-rasymen-de-qiyn/