Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер Астанадағы "Әзірет Сұлтан" мешіті маңындағы аумақта бақылауды күшейтті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Көпбалалы ана мешітке қондырмағанын айтып, шағымданды
"Әзірет Сұлтан" мешіті. Фото: sunna.kz

Астаналық полицейлер қаладағы "Әзірет Сұлтан мешіті" маңындағы аялдамада бақылауды күшейтіп, жүргізушілерге осы аймақта жол ережесін сақтауды ескертті, деп хабарлайды CTS-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді мешіт аялдамасының маңындағы жолдың бойында көліктерді қалдырмауға шақырды. CTS баспасөз қызметіндегілер бұл учаскеде көлік қоюға тыйым салатын белгі барын, бірақ жүргізушілер оны елемейтінін атап өтті.

Осы жағдайды шешу мақсатында жол полициясы 15 тамыздан бастап "Әзірет Сұлтан" мешіті аялдамасының аумағында бақылауды күшейткен.

Жүргізушілерге бұл маң тәулік бойы "Сергек" камералары арқылы бақыланатыны туралы ескертіліп отыр. Тәртіп бұзушыларға әкімшілік шара қолданылмақ - айыппұлдар салынып, көліктері айыппұл тұрағына қойылады.

"Мұндай әрекеттер арқылы сіз қалалық автобустардың қозғалысына кедергі келтіресіз. Олар аялдамаға жете алмай, тиісінше жолаушыларды қауіпсіз отырғызып-түсіре алмайды", - дейді CTS өкілдері автокөлік жүргізушілеріне.

Компания бұл талаптардың тауар мен азық-түліктерді түсіруді жүзеге асыратын сауда орындарының қожайындарына да қатысты екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032583-policeiler-astanadagy-aziret-sultan-mesiti-manyndagy-aumaqta-baqylaudy-kuseitti/