Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кофеге есірткі затын араластырған": желіде танысқан жігітпен кездескен астаналық қыз жағымсыз жайтқа тап болды

Опубликовано:

шыныдағы кофе
Кофе. Көрнекі фото: pexels.com

Астанада желі арқылы жігітпен танысқан бойжеткен жағымсыз жайтқа тап болды. Оқиғаның мән-жайын Telegam-дағы Polisia.kz жаңалықтар арнасы хабарлады.

Полицияның мәліметінше, құзырлы органға бойжеткен жүгінген. Оның айтуынша, сырттай таныс адам кездесу кезінде кофеге есірткі затын (спайкинг) араластырып жіберген.

"Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қыздың жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысқаны анықталды. Жастардың виртуалды таныстықтары кездесуге ұласқан. Кофе ішуге барған қыздың ары қарай не болғаны есінде жоқ", - делінген полиция хабарламасында.

Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары 33 жастағы елордалық тұрғынды ұстаған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық қажетті сараптама тағайындалған.

Бұл ретте полиция өкілдері тұрғындарға бейтаныс адамдармен танысу кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін еске салды.

"Бейтаныс адамдармен кездескенде достарыңыз немесе туыстарыңыз сіздің кіммен, қайда және қанша уақыт сонда болатыныңызды білетініне көз жеткізіңіз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыз", - дейді полиция қызметкерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032636-kofege-esirtki-zatyn-aralastyrgan-zelide-tanysqan-zigitpen-kezdesken-astanalyq-qyz-zagymsyz-zaitqa-tap-boldy/