jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматы қаласында 7 млрд теңгенің жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

    Жер телімі
    Жер телімі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы қаласының прокуратурасы сараптама жасау барысында заңсыз алынған жер учаскесін анықтаған. Нәтижесінде құны 7 млрд теңге болатын жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды қалалық прокуратура ресми сайтында.

    Ведомство мәліметінше, 2014 жылы Алматы шекарасын кеңейту нәтижесінде Алматы облысының жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына енді.

    Сол кезде Алматы облысы Қарасай ауданындағы көлемі 30,9 га болатын жер учаскесін "Халықаралық клубтар қауымдастығы" ЖШС қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған.

    Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған.

    Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекетке қайтарылған.

    Әзірге сот шешімі күшіне енбеген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.