Алматыдағы "Ақкент" шағын ауданындағы өрт кезінде тұрғындарды құтқарған азаматтар марапатталды
Жарияланған күні:
Алматы әкімі Ерболат Досаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан "Ақкент" шағын ауданындағы өрт кезінде адамдарды құтқарған азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті. Бұл туралы Алматы әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін "Ерлігі үшін" медалімен келесі азаматтар марапатталды:
- Тілеужан Ахметханов, "Expo Masters" ЖШС менеджері;
- Гюнай Шюкрю, "Спарк Электромеханик" ЖШС электригі;
- Эльдар Исмаилов, "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі;
- Йерделен Халил, "Gask Construction" ЖШС автокран операторы;
- Кенан Мамедов, "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі;
- Вадим Романов, "Frank-Asia" ЖК автокранының операторы.
Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі өзгелерді құтқару үшін өз өмірін қатерге тіккен азаматтарға алғыс айтты.
"Бұл қайғылы оқиға халқымыздың өзгелер үшін бей-жай қарамайтынын, жанашыр әрі тәуекелге баруға дайын екенін көрсетті. Мен сол бір табиғи апат күні оны айналып өтпеген, өрт сөндірушілерге көмектесуге асыққан барлық жанға алғысымды білдіремін", - дейді Ерболат Досаев.
Сонымен бірге қала әкімі өртті кәсіби әрі жедел түрде ауыздықтаған өрт сөндірушілерге алғысын білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032682-almatydagy-aqkent-sagyn-audanyndagy-ort-kezinde-turgyndardy-qutqargan-azamattar-marapattaldy/