Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда электрондық оқулықтарды мектептерге енгізу мәселесі талқыланды

Опубликовано:

Кітаптардың үстінде жатқан электрондық кітап
Электрондық кітап. Көрнекі фото: pixabay.com

14 тамыз күні премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен оқу процесінде электрондық оқулықтарды пайдалану жөнінде кеңес өтті. Бұл туралы Primeminister.kz ресми сайтында хабарланды.

Ведомство мәліметінше, оған Оқу-ағарту, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Әділет вице-министрлері, сондай-ақ "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, "Талдау" АҚ-ның, мектеп оқулықтарын дайындайтын жетекші баспалардың және IT-компаниялардың өкілдері қатысты.

Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов мектептерді электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету жөніндегі ахуал және осы бағытты одан әрі дамыту бойынша жоспарланған шаралар туралы баяндады. Баспалар мен IT-компаниялардың өкілдері электрондық оқулықтар мен білім беру платформалары саласындағы соңғы әзірлемелерін ұсынды.

Ведомство ақпаратынша, кеңесте электрондық ресурстардың әлеуетін және оларды білім беру процесін жетілдіру үшін пайдалану мүмкіндіктері талқыланды. Бұл ретте педагогтарға электрондық ресурстарды таңдау құқығы берілуге тиіс екені айтылды.

Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары – еңбек және әлеуметтік қорғау министрі мектептерді электрондық оқулықтармен және цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеу, оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру және оларды оқу процесінде қолдану жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032735-qazaqstanda-elektrondyq-oqulyqtardy-mektepterge-engizu-maselesi-talqylandy/