Шенеуніктердің балалары президенттік жастар кадрлық резервінің іріктеуіне қатыса ала ма
Жарияланған күні:
Читать на русскомОрталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдерінен шенеуніктердің балалары президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеуге қатыса ала ма деген сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Конституцияға сәйкес әрбір азаматтың байқаулар мен іріктеулерге қатысуға құқығы бар.
Конкурсқа (президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу үшін – ред.) жасы 35-ке толмаған, құжаттарды тапсыру кезінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар және мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан азаматы қатыса алады. Бұл төрт негізгі талап.
Құжат қабылдау кезінде кейбір адамдарды сізде ерекше қасиетіңіз жоқ, сондықтан қатыса алмайсыз деп іріктеуден өткізбеу әділетсіздік деп санаймыз", – деді президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл.
Шенеуніктердің туыстары резервке іріктеу конкурсына қатыса ала ма деген тікелей сұраққа спикер конкурстық іріктеуге әрбір азаматтың қатысуға құқығы бар екенін тағы да атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032747-seneunikterdin-balalary-prezidenttik-zastsar-kadrlyq-rezervininin-irikteuine-qatysa-ala-ma/