jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Шенеуніктердің балалары президенттік жастар кадрлық резервінің іріктеуіне қатыса ала ма

Құжат толтырып отырған ер адам
Құжат толтырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдерінен шенеуніктердің балалары президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеуге қатыса ала ма деген сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Конституцияға сәйкес әрбір азаматтың байқаулар мен іріктеулерге қатысуға құқығы бар.

Конкурсқа (президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу үшін – ред.) жасы 35-ке толмаған, құжаттарды тапсыру кезінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар және мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан азаматы қатыса алады. Бұл төрт негізгі талап.

Құжат қабылдау кезінде кейбір адамдарды сізде ерекше қасиетіңіз жоқ, сондықтан қатыса алмайсыз деп іріктеуден өткізбеу әділетсіздік деп санаймыз", – деді президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл.

Шенеуніктердің туыстары резервке іріктеу конкурсына қатыса ала ма деген тікелей сұраққа спикер конкурстық іріктеуге әрбір азаматтың қатысуға құқығы бар екенін тағы да атап өтті.

Шенеуніктердің балалары президенттік жастар кадрлық резервінің іріктеуіне қатыса ала ма

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.