Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да ауыл тұрғыны полиция подполковнигінің бетінен ұрған

Опубликовано:

тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында полиция подколковнигінің бетінен ұрған ер адам сотталды. Іс Күршім ауданында қаралған, деп хабарлайды YK-news.kz.

Іс материалдарына сүйенсек, 11 маусымда полицияға ауылдардың бірінде адам қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшыларымен бірге полиция подполковнигі де аталған мекенжайға барған.

Бір мезетте өзін полицейлерге қарсы агрессивті ұстаған марқұмның ұлы подполковниктің бетінен ұрған.

Күршім аудандық соты Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі (Билік өкіліне қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану) бойынша ауыл тұрғынын кінәлі деп таныған. Оған екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032751-sqo-da-auyl-turgyny-policiya-podpolkovniginin-betinen-urgan/