Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайының жаңа терминалы қашан ашылады

Опубликовано:

Әуежай
Ұшақ. Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Әуежайдың жаңа жолаушылар терминалында құрылыс-монтаж жұмыстары 65 пайызға аяқталды. Оны 2024 жылдың жаз айының басында ашу жоспарланған. Қолданыстағы терминалдың эстакадасы 1 қыркүйекке дейін ашылады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Алматы әкімі әуежайда қызмет көрсету сапасының мәселелеріне, атап айтқанда, көп сағаттық кезек пен көлік тұрағының тапшылығына назар аударды.

Ведомство мәліметінше, әкімшілік қазір жүк желілерін жаңартуды, жаңа кондиционерлеу жүйесін орнатып, қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдап жатыр.

"Жаңа жолаушылар терминалы ашылған соң қолданыстағы терминалды жаңғырту көзделіп отыр. Жаңа терминал тек халықаралық рейстерге, ал қолданыстағы терминал ішкі рейстерге қызмет көрсетеді.

Алматы халықаралық әуежайын кеңейту жобасы аясында жолаушылар терминалы мен авиацияның жаңа ғимараттары салынып, эстакада, ұшу-қону жолағы мен вокзал маңы аумағы қайта жаңартылады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ерболат Досаев TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптанмен кездесуінде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен "Жол картасын" іске асыруға уағдаласты.

Досаев нысанның стратегиялық маңыздылығына байланысты Алматы әкімдігі жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032754-almaty-auezaiynyn-zana-terminaly-2024-zyly-asylady/