Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір апта бұрын жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 33 жастағы атыраулық жігіт табылды

Опубликовано:

ер адам
Ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда бір апта бұрын жоғалып кеткен 33 жастағы жігіт шаруа қожалығынан табылды. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, із-түзсіз жоғалған 33 жастағы жігітті іздестіру іс-шарасы үздіксіз жүргізілген.

Оны іздестіру Атырау қаласында да, Қызылқоға ауданында да қолға алынған. Іздестіру іс-шарасына Атырау қалалық полиция басқармасы мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тартылған.

Нәтижесінде Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен жігітті Темірбай учаскесіндегі шаруа қожалығынан тапқан.

Полиция қызметкерлері жігіттің аман-есен табылғаны туралы туыстарына хабарлаған. Туыстары іздеу салған жігіттің зорлық-зомбылыққа ұшырамағаны, шаруа қожалығына пішен дайындауға өз еркімен келгені анықталған. Ол туыстарымен байланыспауына мобильді телефонында ақауы болғанымен түсіндірген.

Басылым жазуынша, қазіргі таңда Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылынан 70 шақырым қашықтықтағы аталған учаскеде қысқы мал азығына қажетті пішен дайындау жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 33 жастағы жігіттің бір аптадан бері табылмай жатқанын хабарлаған едік.

Із-түзсіз жоғалған жігіт 8 тамызда Атырау қаласына келген. Мобильді телефонмен әпкесіне теміржол вокзалы маңында тұрғанын хабарлап, содан кейін байланысқа шықпаған. Сол күннен бері мобильді телефоны өшіп тұрған.

Ал полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын бастаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032764-bir-apta-buryn-zumbaq-zagdaida-zogalyp-ketken-33-zastagy-atyraulyq-zigit-tabyldy/