Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

34 градусқа дейін ыстық: елдің ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Көшеде кетіп бара жатқан ер адам мен әйел адам
Жаз. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бейсенбі, 17 тамызда Алматы, Астана мен Шымкентте күн ашық әрі жылы болады деп күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің хабарлауынша, Астанада бүгін күн ыстық болады. Күндіз +25...+27 градус, түнде +13...+15 градус жылы болмақ. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с жетеді деп болжануда.

Бүгін Алматыда да күн ашық. Күндіз қалада +27...+29 градус жылы болса, түнде сынап бағанасы +15...+17 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы - 0-5 м/с.

Шымкент тұрғындарына аптап ыстық болатыны ескертілді. Күндіз шаһарда сынап бағанасы +32...+34 градусқа дейін көтеріліп, түнде +18...+20 градусқа төмендейді. Қалада жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы 8-13 м/с жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032780-34-gradusqa-deiin-ystyq-eldin-iri-qalalarynda-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel