jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Маңғыстаудағы электр жарығы проблемасы: әкімдік қаладағы ғимараттар неліктен түнде жарығын өшірмейтінін түсіндірді

Түнгі Ақтау
Түнгі Ақтау. Видеодан кадр:: instagram.com/azamat_sarsenbayev

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram желісіндегі парақшасында өңірдегі электр жарығына қатысты проблеманы көтерді. Ол МАЭК-дағы апат салдарынан бүтін өңір халқы электр жарығының тапшылығын тартып отырған кезде кезде ірі ғимараттардың түнде жарығын сөндірмейтініне наразы болды. Қала басшысы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Бүгінде Маңғыстауда МАЭК-тегі апаттан кейін электр қуаты ішінара берілуде. Осы ретте Азамат желідегі парақшасына түнгі Ақтаудың видеосын жариялады. Кадрлардан өңірде электр қуатына қатысты проблема туындағанына қарамастан, көптеген ғимарат түнде жарығын сөндірмегенін көруге болады.

"MAEК-тегі электр қуатын өндіру проблемасы аясында ТК жарықтандыруында онсыз да тапшы болып отырған электр қуатын қосып қою дұрыс па?

Аудандар жарықсыз қалғанда Ақтау қаласында электр энергиясы секілді құнды ресурстарды ысырап ету қаншалықты орынды?", - деп көкейіндегі сауалды жеткізді блогер.

Ол қала және облыс әкімдіктерін тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне, кәсіпкерлерге, әлеуметтік мекеме басшыларына МАЭК-те жөндеу жұмыстары кезінде электр қуатын ұқыпты тұтыну туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.

Ақтау әкімдігі қалада жарықтың неліктен сөндірілмегенін түсіндірді.

"Осы мәселе бойынша облыста түнгі уақытта электр энергиясы мен оның тапшылығына бойынша мәселе жоқ екенін жеткіземіз. Тұрғын үй инспекциясы басқармасы электр энергиясын үнемдеу мәселесі бойынша тұрғын үй кооперативтері мен МИБ басшыларымен, ал кәсіпкерлік бөлімі сауда орындарының иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде", - деді министрлік.

Маңғыстаудағы электр жарығы проблемасы: әкімдік қаладағы ғимараттар неліктен түнде жарығын өшірмейтінін түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.