jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Коммуналдық қызметтер қымбаттаған соң зейнеткерлерге қаржылай көмек берілетіні рас па

қарт кісі
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде коммуналдық қызметтердің бағасы көтерілуіне байланысты зейнеткерлерге қаржылай көмек көрсетіледі деген ақпарат тарады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Telegram арнасында бұл ақпаратты теріске шығарды.

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен барлық зейнеткерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетіледі деген тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады министрліктен.

Ведомствоның хабарлауынша, үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданбаған.

"Сонымен қатар "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының аясында жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеке тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеуге және осы мақсаттарға арналған шығыстарының шекті деңгейінде тұрғын үй көмегін көрсету қарастырылғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттарды egov.kz порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталығында тапсыруға болады.

Коммуналдық қызметтер қымбаттаған соң зейнеткерлерге қаржылай көмек берілетіні рас па

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.