Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік кірістер департаменті атыраулық кәсіпкерге 82 млн теңге қайтарды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Атырау көлік прокуратурасы хабарламалардың бірін қараған кезде кәсіпкердің артық төленген кедендік және салық сомасын қайтару туралы өтініштерін қанағаттандырудан негізсіз бас тарту фактісін анықтаған, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы ресми сайтында.

"Осылайша адал кәсіпкер бірнеше ай бойы фискалды органнан, екі жыл бұрын күшін жойған нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасалған, қанағаттандырудан бас тартылған жауаптарды алған.

Прокуратураның араласуынан кейін ғана мемлекеттік орган өз әрекеттерінің заңсыздығын мойындаған және тарифтік мөлшерлеменің төмендеуін ескертіп бұрын төленген соманы қайтарған", - деді бас көлік прокуратурасы.

Сонымен қатар бас көлік прокуратурасы кәсіпкердің шотына 82 млн теңге түскенін және кінәлі лауазымды тұлға "қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту" түріндегі тәртіптік жазаға тартылғанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032849-memlekettik-kirister-departamenti-atyraulyq-kasipkerge-82-mln-tenge-qaitardy/

pixel