Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күні бойы жыладым": екінші қызын ұзатқан Томирис Байсафаның анасы тойда көз жасын тоқтата алмады (видео)

Опубликовано:

Жанна Ахметова қызы Наимамен
Жанна Ахметова қызы Наимамен. Фото: instagram/rus_libirry

2018 жылы Мәскеуде көз жұмған студент Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова екінші қызы Наиманы ұзатты. Кіші қызының тойында тілек айтқан ол көз жасына ерік берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанна Ахметованың кіші қызы Наима Руслан Либирри есімді отандық бизнесменмен көңіл қосқан. Екі жастың тойы қазақы дәстүрге сай өтіп, алдымен сырға салу рәсімі, кейін ұзату тойы өтті.

"Маманың құттықтауын тыңдағанда өзім де жылауға шақ қалдым", - деп жазды күйеу баласы Руслан.

"Бүгін күні бойы жыладым. Бетімді қайта-қайта әрледі. Күнім, сен өз махаббатыңды тапқаның үшін шексіз бақыттымын. Бұл құдайдың берген бағы. Меніңше, өзің бақытты болғаннан гөрі біреуді бақытты қылған маңыздырақ сияқты. Шын жүрекпен, сенің Мамаң, Томпия және Әжека", - деп тілек айтты Жанна Ахметова.

Той үстінде Жаннаның булыға жылап, сезімге ерік берген сәті де видеоға түсіп қалды.

Ал желі қолданушылары жастарға бақыт тілеп, құттықтау сөздерін жаудыруда.

Айта кетелік, Жанна Ахметованың үлкен қызы Томирис Байсафа 2018 жылы Мәскеуде оқып жүрген кезінде көз жұмды. Оны төртінші қабаттан итеріп жіберген дағыстандық азамат 13 жылға сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032868-ekinsi-qyzyn-uzatqan-tomiris-baisafanyn-anasy-toida-koz-zasyn-toqtata-almady-video/

pixel