Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» жобасы сәтті іске асуда

Опубликовано:

брифинг
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» жобасы сәтті іске асуда. 2023 жылы Қызылорда облысында аталмыш жобаны іске асыру үшін 3,0 млрд теңге қаржы бөлінген.

Әлем елдерінің арасында тың тәжірибе бар. Ол – шалғай аймақтарды да қала деңгейінде әлеуеттендіру. Бұл ұстанымды әсіресе дамыған мемлекеттер бір ауыздан қолдайды. Бізде де атаулы үрдіс бір ізге қойылып келеді. Ауылдардың даму динамикасы ел президентінен бастап, облыс, аудан әкімдерінің қадағалауында. Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін мемлекет тарапынан да түрлі бастамалар қолға алынып келеді. Солардың бірі – «Ауыл аманаты» жобасы. Айта кетейік, 2023 жылы Қызылорда облысында аталмыш жобаны іске асыру үшін 3,0 млрд теңге қаржы бөлінген.

Қазірде қаржыландыру бағыттары анықталған. Нақты талап-ережелері барлық ауылдық елді мекендерде түсіндіріліп жатыр. Негізгі 5 бағыт белгіленді. Негізгі басымдық өңдеу, кооперативтерді дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша егін және мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуге және басқа да бизнес жобаларға берілуде. Ауыл халқының табысын арттыру жобасы щеңберінде ауылдық елді мекенде «алқаптан сөреге дейін» кооперациялау пилоттық жобасын жандандыру мақсатында шалғайдағы ауылдық округтерге микрокредиттер беру және кооперативтерді ынталандыру бағыты алға қойылған.

Атаулы жұмыс легін үйлестіруші ретінде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ анықталып, 3,0 млрд теңге корпорация қазынасына аударылды. Облыс қаражатынан 2023 жылғы агент қызметіне 74,4 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы жанынан атаулы жобамен айналысатын 20 штаттық бірліктен арнайы департамент құрылып, материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілді. Құжаттардың қабылдау шарттары ауыл тұрғындарының жағдайын ескере келе барынша жеңілдетілді. Бүгінгі таңда 1,6 млрд теңгенің 240 жобасы қабылданып, несие комитетіне ұсынылды.

Ағымдағы жылдың 16 тамыз күні жобаларды қарастыру мақсатында несие комитетінің бірінші отырысы өткен болатын. Несие комитетінде 504,6 млн теңгеге 59 жоба қаралып, нәтижесінде 199,3 млн теңгені құрайтын 30 жобаға келісім берілді.

Комитеттің шешімімен мақұлданған жобалар кепілге ұсынылатын мүліктерді тәуелсіз бағалау ұйымдарынан бағалаудан өткеннен кейін ғана атаулы қаржыға қол жеткізе алады.

«Байқоңыр» ӘКК» АҚ мамандары кепілге ұсынылатын мүліктер бойынша талаптармен таныстырды. Мысалы, күйдірілген қыштан қаланған мүліктерді 1990 жылдан бастап, қам кесектен және қаңқалы-қамысты материалдан соғылған мүліктерді 2000 жылдан бастап кепілге қабылдау мақұлданған. Сондай-ақ мүлкіңіз 1980 жылдан бері салынған көпқабатты үй болса кепілге жарамды.

Осы тұста, жоба игілін кімдер көре алмайды деген заңды сауал туындауы мүмкін. Айта кетейік, «Жұмыспен қамтудың Жол каратасы 2020» бағдарламасы бойынша, салық органдарының алдында қарызы барлар, соттылығы толық өтелмеген регламентке сәйкес өтінім беруші қаржыландырылмайды.

Сонымен қатар «Байқоңыр ӘКК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Мадали Алишерұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастырумен өткен баспасөз конференциясында несиеге беруде алаяқтарға алданып қалмауды қатаң ескертті.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы басталған сәтте-ақ тұрғындар арасында жеңіл ақшаны көздегендер де кездесуде. Олар алаяқтық жолмен несие алып беруге және рәсімдеуге, көмектесемін, танысым бар деген сылтаумен кәсіпкерлерден қомақты қаражат алып, алдап кету фактері кездесуде. Осыған байланысты бағдарлама жөніндегі мәліметті тек «Байқоңыр ӘКК» АҚ әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан ғана білулеріңізге болады», - дейді ол.

Меже бойынша «Ауыл аманаты» жобасы аясында өңірде бөлінген қаржыны келер жылдың маусым айына дейін толық иегеру жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032921-qyzylorda-oblysynda-auyl-amanaty-zobasy-satti-iske-asuda/

pixel