Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы су тапшылығы: шаруаларға келген шығын 7 млрд теңгеге жетуі мүмкін

Опубликовано:

жер
Жер. Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысындағы қуаңшылықтан шаруаларға келген шығын 7 млрд теңгеге жетуі мүмкін. Бұндай болжамды бүгін облыс әкімдігі айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның ақпаратынша, өңірдегі суаруды қажет ететін 112 мың гектар, жердің 12 мың гектары күйіп кеткен. Биылдыққа тіршілік нәрінің тапшылғын аймақтағы он ауданның алтауы тартып отыр. Қазіргі есептің өзінде зардап шеккен қожалықтар саны 350-ге жуықтайды.

Осы салаға жауапты "ҚазСуШар" мекемесі жағдай одан бетер ушықпас үшін, Қырғызстандағы 40 шақырым дренажды каналдарды тазартып жатқанын айтады. Нәтижесінде қазір секундына 5-8 текшеметр аралығында су беріліп жатыр екен. Мекеме осы арқылы өңірдегі қалған қызылша мен пиязды барынша сақтап қалуға мүмкіндік бар деп отыр.

Ал Жамбыл облысының әкімдігі су шығынын азайту үшін каналдарды бетондау жұмыстарына шұғыл кіріспек. Сонымен қоса 3 ірі және 11 су қоймасының жобасы дайындалып жатыр. Құрылыс қаржы бөлінген бетте басталмақ.

"Біз енді оны шамамен сол 57 млрд теңге көлемінде болады деп болжап отырмыз. Бірақ ол нақты есебі әр шаруа бойынша жасалынатын болады. Біз енді егістің көлемін азайтпаймыз. Өйткені су жетпейтін жерлерді тәліми жер ретінде пайдалануға болады, ол біріншіден. Екіншіден, біз мынау тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиларына қатысты ынталандыру жұмыстарын жүргізудеміз. Қазірдің өзінде 57 мың гектар жерде осындай су үнемдеу технологиясы пайдалануда", - деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032928-zambyl-oblysyndagy-su-tapsylygy-sarualarga-kelgen-sygyn-7-mlrd-tengege-zetui-mumkin/

pixel