Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінде 37 градусқа дейін ыстық күтіледі

Опубликовано:

Күнбағыстар арасында тұрған әйел
Күнбағыстар алқабы. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 18 тамыз, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК сайты.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін еліміздің батысында, солтүстік-батысында және шығысында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Сондай-ақ республика бойынша екпінді жел, Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман күтіледі.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде 35-37°С дейін қатты ыстық болуы ықтимал.

Сонымен қатар бүгін Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында өрт шығу қаупі сақталады.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032951-bugin-elimizdin-batys-zane-soltustik-onirlerinde-37-gradusqa-deiin-ystyq-kutiledi/

pixel