Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда судья 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

сот үкімі
Сот балғасы және доллар купюралары. Көрнекі фото: pixabay.com

Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Антикоррупциялық қызмет Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алғанын әшкереледі", - деп мәлім етті ведомстводан.

Ведомство хабарлауынша, судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді", - деп қосты Антикор өкілдері.

Сондай-ақ агенттік Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032973-tarazda-sudya-2-mln-tenge-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/

pixel