Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шахтадағы апаттан кейін "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Опубликовано:

Кеншілер шахтада кен игеруде
Шахта. Көрнекі фото: Juan Jose Napuri / Getty Images

Шахтинскіде өткен брифингте Қарағанды облысы әкімінің орынбасары "Казақстан" шахтасында болған оқиғаға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналистер "Казақстан" шахтасында қайғылы оқиғаға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы қандай жауапкершілікке тартылатынын сұрады.

"Оқиға мен қызметкерлердің өлімі себебін тексергеннен кейін материалдар сотқа жіберіліп, сот жазаны анықтайды. Комиссия материалдарында іс-әрекетімен қауіпсіздік ережелерін бұзып, міндетті нұсқаулықтарды елемеген тұлғалар көрсетіледі. Бұл сотпен реттеледі", - деді облыс басшысының орынбасары Вадим Басин.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі айтты.

"Бұл топтық жазатайым оқиға, Қылмыстық кодекске сәйкес, егер соттың шешімімен шынымен басшылық кінәлі деп танылса, онда жеті жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері "төтенше жағдай кезінде компания иесі Лакшми Миталл басшылыққа хабарласты ма, ол адамдардың өліміне жауапкершілікті сезіне ме?" деп сұраған. Сонымен қатар журналистерді неліктен компания иесі төтенше жағдай орын алған кезде Қазақстанға келмегені қызықтырды.

"Бізде өзара іс-қимылдың белгіленген тәртібі бар: біз акционердің өкілін хабардар еттік, олар бұл жағдайдан толық хабардар", - деп жауап берді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033034-saxtadagy-apattan-keiin-arselormittal-temirtau-bassylygy-qandai-zauapkersilikke-tartyluy-mumkin/

pixel