Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ер адам септикке құлап қайтыс болды

Жарияланған күні:

Септик
Септик. Фото: Ақмола облысы полиция департаменті

Ақмола облысында 66 жастағы ер адам септикке құлап, қайтыс болды. Жазатайым оқиға түнгі уақытта жеке үйдің ауласында болған, деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаменті Instagram парақшасында.

Полиция мәліметінше, оқиға 16 тамыз күні болған. 66 жастағы ер адам түнгі уақытта септикке құлаған.

"Қарт адам туыстарына қонаққа келгені белгілі болды. Қазіргі уақытта полиция бөлімі болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тексеру іс-шараларын жүргізуде. Сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033108-aqmola-oblysynda-er-adam-septikke-qulap-qaitys-boldy/