Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Толассыз жауған жаңбырдан Маңғыстаудағы бірнеше ауыл мен Жаңаөзенді су басты (видео)

Опубликовано:

Маңғыстау облысындағы су тасқыны
Маңғыстау облысындағы су тасқыны. Видеодан кадр: inaktau.kz

Кеше, 20 тамызда толассыз жауған нөсер салдарынан Маңғыстау облысындағы бірнеше ауылда аулалар мен үйлерді су басып қалды. Облыс әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады inAktau.kz басылымы.

Басылымның жазуынша, Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласы, сондай-ақ Рахат және Теңге ауылдары зардап шекті.

Басылым мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған кадрлардан Жаңаөзендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені қатты нөсерге төтеп бере алмағанын, спорт залдың төбесінен тоқтаусыз су аққанын көруге болады.

"Лада" басылымының хабарлауынша, Рахат және Теңге ауылдарында көшелер мен тұрғын үйлердің аулаларын, тіпті үйлердің өзін су басқан. Рахат ауылындағы сегіз аула мен бір көшеге, ал Теңге ауылындағы төрт аула мен үш көшеге су кірген.

Маңғыстау облысының әкімдігі оқиға орнында коммуналдық және өндірістік мекемелерден 12 су жинайтын техника, қалалық төтенше жағдайлар департаменті және 5 мотопомпа жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Жағдайға байланысты жұмыс ауысымдық және түнгі уақытта жүргізіледі.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033224-tolassyz-zaugan-zanbyrdan-mangystaudagy-birnese-auyl-men-zanaozendi-su-basty-video/

pixel