Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ ақыны Қырғызстан президентінен қымбат сыйлық алды (видео)

Опубликовано:

Сыйға берілген айғыр
Сыйға берілген айғыр. Видеодан кадр: facebook.com/daiyrbek.orunbekov

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақстандық ақын Біржан Қалдыбаевқа айғыр сыйға тартқан. Бұл туралы ел президенті әкімшілігі Ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Президент әкімшілігінің Ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орынбековтың сөзіне сілтеме жасаған Kaktus Media қырғыз басылымының хабарлауынша, бір апта бұрын 13 тамызда Қырғызстандағы клубтар арасындағы көкбөріден әлем чемпионатының ашылуында қазақ ақыны Біржан Қалдыбаев өнер көрсеткен. Ашылу салтанатында болған Қырғызстан басшысы Біржан Қалдыбаевқа Бішкекте сыйлық күтіп тұрғанын айтқан.

Қазақстандық ақын сыйлыққа берілген айғырды кеше ғана 20 тамызда алған. Жапаровтың атынан сыйлықты президент Іс басқармасының басшысы Қаныбек Түмонбаев табыс етті.

Kaktus Media басылымының жазуынша, 13 тамызда Қырғызстанда көкбөріден клубтық командалар арасындағы бірінші әлем чемпионаты басталған. Кубоктың ашылуында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров сөз сөйлеген.

Қырғызстан президенті көкбөрі - қырғыздардың ежелгі ұлттық ойындарының бірі екенін, оны халық арасында ең батыл шабандоздардың ойыны деп атағанын атап өтті.

"Ойын батылдықты, ептілікті және керемет күшті талап етеді. Көкбөріні ойнаған жігіттер елін қорғауға дайын ерік-жігері мықты жауынгер болып өседі. Көкбөрі ойыны жастарды топпен жұмыс істеуге, қажет кезде тез шешім қабылдауға, шыдамды болуға үйретеді", - деп жазды басылым.

Басылым дерегінше, жарысқа Қазақстан спортшылары да қатысты. "Астана" командасы финалға шыққанымен, қырғызстандық "Ынтымақ" командасынан жеңіліп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033245-qazaq-aqyny-qyrgyzstan-prezidentinen-qymbat-syilyq-aldy-video/

pixel