Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдегі алапат өрттерден кейін ТЖМ 633 млн теңгеге арнайы техникалар сатып алмақ

Опубликовано:

Өрт сөндіруші тікұшақ
Өрт сөндіруші тікұшақ. Көрнекі фото: t.me/qr_tjm

Үкімет Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін арнайы құрылғылармен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауда. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.

"Бұл мақсаттарға үкімет резервінен 633 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Құжатқа сәйкес, қаражат табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысатын Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемелеріне 5 су шашу құрылғысын және 71 ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алуға бағытталатын болады", - делінген үкімет таратқан хабарламада.

Ведомство мәліметінше, бүгінгі таңда ТЖМ қарамағында 27 ұшқышсыз ұшу аппараты бар.

Алайда биылғы жылы орын алған өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар олар жеткіліксіз екенін көрсетті.

Сонымен қатар қазіргі уақытта ашық су қоймаларынан су алып, табиғи өрт ошақтарына әуе арқылы жеткізу үшін 12 су шашатын құрылғы бар. ТЖМ авиациялық паркі көпфункциялы 34 әуе кемесінен тұрады.

Осылайша, жаңа дрондар мен су шашу құрылғыларын сатып алу табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тиісті бөлімшелердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ведомство мәліметінше, жыл сайын елімізде 1 мыңға жуық орман және дала өрттері, сондай-ақ 4 мыңға жуық табиғи өрт тіркеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033268-eldegi-alapat-ortterden-keiin-tzm-633-mln-tengege-arnaiy-texnikalar-satyp-almaq/

pixel