Алдағы күндері елімізде күн суытып, қатты жауын-шашын күтіледі
Жарияланған күні:
Читать на русскомСиноптиктер Қазақстанда алдағы үш күн, 22-24 тамызда күн суытып, қатты жауын-шашын түсуі мүмкін деп болжады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Республика бойынша қатты жауын-шашын болуы ықтимал.
Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз +18...+24 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Ал Қазақстанның қалған бөлігінде температура фонында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Айта кетейік, синоптиктер Астанада апта бойы жаңбыр жауып, ал Шымкентте аптап ыстық сақталады деп болжады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033302-aldagy-kunderi-elimizde-kun-suytyp-qatty-zauyn-sasyn-kutiledi/