jitsu gif

Алдағы күндері елімізде күн суытып, қатты жауын-шашын күтіледі

Судағы қағаз қайық
Жаздағы жаңбыр суы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күн, 22-24 тамызда күн суытып, қатты жауын-шашын түсуі мүмкін деп болжады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Республика бойынша қатты жауын-шашын болуы ықтимал.

Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.

Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз +18...+24 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Ал Қазақстанның қалған бөлігінде температура фонында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Айта кетейік, синоптиктер Астанада апта бойы жаңбыр жауып, ал Шымкентте аптап ыстық сақталады деп болжады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.