Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғандық лауазымды полицейге қатысты жанжал: ПД желіде тараған аудиожазбаға пікір білдірді

Опубликовано:

Марат Күштібаев
Марат Күштібаев. Фото: gov.kz

Желіде резонанс тудырған аудиожазба пайда болды. Онда Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаевтің қызметкерлерін балағаттап жатқанын естуге болады. Аудиожазбаға қатысты Жетісу облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әлеуметтік желіде Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаевтің қоластындағы қызметкерлерін балағаттап жатқаны жайлы аудиожазбасы тарауда. Ең қызығы, мұндай мінез-құлқы үшін Ішкі істер министрі 2019 жылы оны Алматы облысы жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымынан босатқан болатын", - делінген желіде жарияланған хабарламада.

Бұл аудиожазбаға қатысты пікір білдірген Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аудио тексерілген. Нәтижесінде аудиожазбаның ескі екені және биылғы жылдың қаңтар айында түсірілген видеодан алынғаны анықталған.

Ол кезде видеоға қатысты тергеу жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша Талдықорған қалалық полицияның басшысы наурыз айында қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033324-taldyqorgandyq-lauazymdy-policeige-qatysty-zanzal-pd-zelide-taragan-audiozazbaga-pikir-bildirdi/

pixel