jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбе облысында қою шаңнан шаршаған тұрғындар жолды жауып тастады (видео)

Тұрғындар жапқан жол бөлігі
Тұрғындар жапқан жол бөлігі. Видеодан кадр: instagram.com/gazeta_diapazon

Ақтөбе облысында Алтынды ауылының тұрғындары жолды жауып тастады. Олар жүк көліктері жүріп өткеннен кейін көтерілетін қою шаңнан шаршаған. Әкімдік ауыл тұрғындарының шағымына жауап берді, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.

Басылым жазуынша, күн сайын ауыр жүк көліктері вагондарға тиеу үшін өндірілген мыс пен алтын кенін Жемге апарады. Салдарынан шаң көтеріледі.

Қою шаңнан шаршаған жергілікті тұрғындар көліктерімен тасжолды бөгеп, жауып тастаған.

"Көліктер небәрі 5-10 минут тұрды. Бұл көліктерден шыққан шаң-тозаңға халық наразы. "Қазгеоруд" ресейлік мыс компаниясына ақша бөлді, кәсіпорын жолды жөндеуге кірісіп кетті.

Ол қазылған жол. Жол шаңнын шығуын болдырмайтын топырақпен жабылады, бұл жаңа технология. 17 километр жолды жөндеу жұмыстарын күзге дейін аяқтау жоспарланып отыр", - деп хабардар етті Мұғалжар ауданының әкімдігінен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысындағы Гранитный ауылының тұрғындары ауданда орналасқан бірнеше шахтаға апаратын жалғыз жолды жауып тастаған болатын.

Тұрғындардың сөзінше, олар күнде шағын ауылдарынан өтетін жүк көліктерінен шаршаған. Айтуынша, жүк көліктері жүріп өткен соң ауыл шаң-тозаңға айналып, таза ауамен демалу мүмкін емес. Сондай-ақ жүк көліктерінің салмағынан жол жарылып, салдарынан ауылда көлік мәселесі қиындай түскен.

Ақтөбе облысында қою шаңнан шаршаған тұрғындар жолды жауып тастады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.